Ерекше
Министрдің мысқылы: Сәденов депутаттардың сырын білетінін айтты

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов көңіл көтеретін орындарға депутаттардың өздері де баратынын көрсетіп қалды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Депутат Данабек Исабек көңіл көтеретін орындардағы жанжалдарды азайту үшін не істеліп жатқанын министрден сұраған.
«Кейбіреулеріңіз өздеріңіз де баратын шығарсыздар, оны да білеміз ғой» деп қалды министр. Одан бөлек, Сәденов ел көлемінде 193 ойын-сауық орталығы бар.
– Ол жерде қылмыс жасалған, бұзақылық жасалған. Оны біз өзіміздің сайттарға, әкімшіліктерге жариялаймыз, жеткіземіз. Ол жерде тағамдары тәтті болса, ойын-сауық жағы дұрыс болса, сол рейтингіге қарамасан барып жатады. Жалпы, мұның жалғасы болуы керек, – деді министр.
Ержан Сәденов тіпті осы бойынша “Құрмет тақтасы” да әзірленуі мүмкін екенін айтты.