Ерекше

Нұртілеу кеткен соң Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде ауыс-түйістер болды

Алдымен Ақан Рахметуллин Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ақорда Ақан Рахметуллиннің Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылғанын хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген ақпаратта.

Кейінірек Ержан Ашықбаевтың Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалғанын хабарланды.

Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген құжатта.

Бұдан соң Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Back to top button