Соңғы мәміле бағасы 795 теңге болатын, бұл алдыңғы жабылу бағасынан 3 теңгеге төмен, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
БИРЖАДАҒЫ ЖАҒДАЙ
Air Astana әуе компаниясының акциялары Қазақстан қор биржасында (KASE) теріс динамика көрсетіп отыр. Бұған компания президенті Питер Фостердің қызметінен кететіні туралы ақпарат әсер еткен болуы мүмкін.
9 қазан күні сағат 13:58-дегі жағдай бойынша, соңғы келісім 795,99 теңге деңгейінде жасалды. Бұл алдыңғы күнгі жабылу бағасынан 3 теңгеге немесе 0,38%-ға төмен.
8 қазанда Air Astana акциялары 798,99 теңгемен жабылып, орташа өлшенген бағасы 800 теңгені құрады. Сауда сессиясы барысында акция бағасы 810,97 теңгеге дейін көтеріліп, сол күн ішіндегі ең жоғары көрсеткішке жетті. Ол уақытта барлығы 126 мыңнан астам акциямен 566 келісім жасалған.
БАҒАДАҒЫ ӨЗГЕРІС
Акциялардың құлдырауы Air Astana-ны 2005 жылдан бері басқарып келе жатқан Питер Фостердің 2026 жылдың наурыз айында қызметінен кететіні туралы ресми мәлімдемемен тұспа-тұс келді.
Соңғы 52 апта ішінде компания акцияларының бағасы 695 пен 845 теңге аралығында өзгеріп отырды. Осы кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш 881,10 теңгені құрады.