ЕрекшеОқиға

Павлодар облысында өрттен алты адам ажал құшты

Қайғылы оқиға Солнечный ауылынан 7 шақырым жердегі бір шаруа қожалығында болған, деп хабарлады облыстық ТЖД.

Өрт шыққан үйде болған жеті адамның тек бірі ғана – 1972 жылы туған ер адам тірі қалған. Ол ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандардың тұлғалары анықталып жатыр.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, олар оттың ішінен сегіз газ баллонын алып шыққан.

Құтқарушылар келген сәтте жалын тұрғын үйді толық шарпып, шатыр құлап, өрт қора-қопсыға да тараған. Облыстық ТЖД мәліметінше, 30 өрт сөндіруші мен 10 техника жалпы аумағы 920 шаршы метрді қамтыған өртті сөндірген.

Back to top button