ЕрекшеЖаңалықтар

Ермек Тұрсынов Қазақстанға қайтып оралды

Режиссер Ермек Тұрсынов Қазақстанға қайтып оралды. Оның елге оралған суретін саясаткер Болат Әбілов жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Режиссер биыл мамырда “Бір эмиграцияның тарихы” атты желіде ұзақ жазба қалдырып, елден кетіп қалған еді. 

“Жағдай былай: елден кетуге тура келді. Алысқа. Біреулер мұны ауыр қабылдайтын болар, енді біреулер қуанар, тағы басқалар сынап-мінейтін шығар. Әркімнің пікірі әрқилы. Ал маған келсек… Бәрі, әрине, көңілсіз жағдай. Бірақ басқа амалым да жоқ еді. Шындығын айтсам, мені елден жай ғана ығыстырып шығарды, – деген сол тұста режиссер.

Бірнеше сағат бұрын Болат Әбілов режиссердің суретін жариялады.

 

“Ермек аздаған айдауда жүріп, қайтып келді. Кездесіп, әңгімелестік. Елде бәрі тыныш деп әзілдестік” дейді Болат Әбілов.

РЕЖИССЕР ЖАЙЛЫ

Ермек Тұрсынов – режиссер, сценарист, жазушы. 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол Мәскеудегі бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК) аяқтап, кинематография саласында танылған. Оның ең танымал туындылары:

  • «Келін» (2009) – Қазақстанның «Оскар» сыйлығына ұсынылған фильм.

  • «Шал» (2012) – аға буын мен жас ұрпақтың арасындағы философиялық қарым-қатынасты көрсететін туынды.

  • «Жат» (2015) – кеңестік қуғын-сүргіннің қазақ халқына әсерін суреттейтін драма.

Ермек Тұрсынов қазақ мәдениеті мен тарихына терең бойлап, қоғамдағы өткір мәселелерді кино тілінде бейнелейді. Оның шығармалары әлеуметтік, философиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Қоғамдағы мәселелерді ашық айтатын өткірлігімен де белгілі.

Back to top button