Ерекше
Қазақстанда педофилдерді бостандыққа шығуына жарты жыл қалғанда піштіріп тастайтын болды
Қазақстанда химиялық кастрацияны қолданудың жаңа тәртібі бекітілді, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
БҰЙРЫҚ ҚАШАН КҮШІНЕ ЕНЕДІ
Педофилдерді піштіру сот шешімімен тағайындалады. Ал оның өзі түзеу мекемелерінің ішінде жүзеге асырылмақ. Бұйрық қазан айының 17-і күні күшіне енеді.
«Мәжбүрлі шара сотталғандарға колониядан босатылуына алты ай қалғанда жүргізіледі. Бұл тек балаларға жыныстық сипатта қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылған 18 жастан асқандарға ғана қолданылады», – деп көрсетілген Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығында.
Ал көршілес Қырғызстанда Президент Садыр Жапаров балалар мен әйелдерге қарсы аса ауыр қылмыс жасағандарға өлім жазасын қайтаруды тапсырды.