Қазақстанда дәрігерлерге шабуылдағандар қашан қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Дәрігерлерге күш көрсету жағдайлары жиілеп кетуі мәселесі Үкімет отырысында тағы да көтерілді, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы бес жылда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасаудың 175-ке тарта дерегі тіркелген.
Статистика көңіл көншітпейді, жылдан-жылға өсіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазір медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту және қылмыстық жауапкершілік енгізу жөніндегі шаралар әзірленді. Қазір бұл өзгерістер барлық мемлекеттік органмен, Президент әкімшілігімен және Бас прокуратурамен келісілді. Парламент депутаттарының қолдауымен бұл түзетулерді жыл соңына дейін қабылдаймыз деп отырмыз, – деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкіметтегі брифинг барысында.