ЕрекшеОқиға

Атырауда блогер қызды соққыға жыққандар анықталып, қылмыстық іс қозғалды

4 қазан күні 25 жастағы атыраулық тұрғын полицияға өзіне таныстары дене жарақатын салғаны жөнінде арызбен жүгінді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

БІР-БІРІМЕН БЕТТЕСТІРЕДІ

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осыған қатысқандардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілді.

Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Бейнебақылау жазбалары алынды, куәгерлерден жауап алынуда, беттестіру шаралары өткізілуде. Арызданушының барлық уәжі толығымен тексеріледі, әр қатысушының іс-әрекетіне заң аясында баға беріледі, – делінген ақпаратта.

Тергеу барысы өңір тәртіп сақшыларының бақылауында.

ОҚИҒА ЖАЙЛЫ

Бұған дейін блогер Құралай Болатова (Instagram-да 13 мың жазылушысы бар) Ыстамбұлға арналған жарнамалық турға қатысты туындаған жанжалдан кейін шабуыл құрбаны болғанын айтқан болатын.
Айтуынша, ол тур ұйымдастырушысы Айдана Ақмұрзиеваға алдын ала төлем ретінде 100 мың теңге аударған. Басылым кейін блогердің ұсынысымен басқа жазылушылар да ақша жібергенін жазады. Алайда тур өтпей қалған, ал Құралай қаражатын қайтаруды сұрағанда — оған қоқан-лоққы жасалған.

3 қазан күні кешке Ақмұрзиева мен оның құрбысы Ақбота Нұғманова блогермен «сөйлесейік» деген сылтаумен кездесіп, оны қала сыртына — зиратқа апарған. Сол жерде олар Құралайды ұрып, қорлаған.

Back to top button