Тықыр таянған сәтте Болат Назарбаевтың ұлы “банкротпын” деп жариялады
Бұған дейін оның 57 миллиард теңге көлеміндегі активтерінен айырылғаны айтылып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz BESmedia-ға сілтеме жасап.
КРЕДИТОРЛАР ТАЛАП ҚОЮҒА ҚҰҚЫЛЫ
Shishkin Like Telegram арнасы марқұм Болат Назарбаевтың ұлы – Нұрбол Назарбаев өзін банкрот деп жариялағанын жазды.
«Бірінші президенттің жиеніне қатысты банкроттық іс қозғалғаны туралы хабарлама тізілімде пайда болды. 15 қазанға дейін оның кредиторларына өз талаптарын ұсынуға уақыт беріліп отыр», – делінген жазбада.
ЕЛДЕН ШЫҒУҒА БОЛМАЙДЫ
Аdata.kz мәліметінше, Нұрбол Назарбаев 15 қыркүйектен бастап атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлер тізімінде тұр. Оның жалпы берешегі – 57,9 миллиард теңге.
Сонымен қатар, Нұрбол Назарбаевтың шоттары бұғатталып, мүлкіне тыйым салынған. Компаниялардағы үлестеріне де шектеу қойылып, елден шығуға уақытша тыйым салынған.