Алматыда жолда болған жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды
“Барахолка” маңында жанжал шығарғандар анықталып, қазір оларды ұстау шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Tizgin.kz агенттік тілшісі.
ТЕРГЕУДЕН СОҢ БАҒА БЕРІЛЕДІ
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекс аясында іс қозғалғанын алға тартты.
Кикілжіңге қатысқандардың жек басы анықталып, қазір оларды ұстау шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижесінде олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі», – делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, полиция өкілдері кез келген дау-жанжалды тек заң шеңберінде шешу қажет екенін еске салды.
«Агрессия мен күш көрсетуді дау-жанжалды шешу жолы деп қарастырмау қажет. Мұндай әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», – деді полиция қызметкерлері.