Ерекше

Ақ үй Қазақстанның Трамп жоспарына қатысты позициясын атап өтті

АҚШ президентінің әкімшілігі Дональд Трамптың Израиль мен ХАМАС арасындағы соғысты тоқтату туралы бастамасын бірнеше елдің қолдайтынын атап өткен есеп жариялады. Олардың қатарында Қазақстан да бар, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ НЕ ДЕДІ?
Мақалада Президент Баспасөз хатшысының «Қазақстан бұл бастаманы Таяу Шығыстағы жағдайды реттеу, мемлекетаралық сенімді нығайту, тұрақты және әділетті бейбітшілік орнату жолындағы бірегей мүмкіндік және маңызды қадам ретінде қарастырады» деген сөзі келтірілген.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы көмекшісі Руслан Желдібай Қазақстан АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі жан-жақты бейбітшілік жоспарын құптайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Ақ үй 21 негізгі тармақты қамтитын және Газаның көршілеріне қауіп төндірмейтін «террор мен радикализмнен азат аймақ» құру идеясымен басталатын жоспар жариялаған болатын.

Back to top button