Ерекше
SCAT келесі жылдың көктемінде Латвияға тікелей рейс ашпақ
Қазақстан мен Латвия арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылатыны Алматыда өткен қазақ-латвиялық бизнес-форум барысында белгілі болды, деп хабарлайды Tizgin.kz BES.media-ға сілтеме жасап.
ҚАЗІР ЕКІ ЕЛ АРАСЫНДА ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ЖОҚ
Жолаушылар рейсі 2026 жылдың көктемінде іске қосылмақ. ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі ақпаратынша, қазақ-латвиялық форумына екі елдің іскер топтарынан шамамен 50-ге жуық өкіл қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаңа бағыт қос мемлекет арасындағы ұшу барысын жеңілдетіп, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтуға серпін береді. Туризм мен бірлескен жобалардың іске асатындығына да сенімді.
Дәл қазір Қазақстан мен Латвия арасында тікелей әуе рейстері жоқ.