Халықаралық іздеуде жүрген сотталушы былтыр шілде айында Грузияда ұсталып, Қазақстанға экстрадициялау барысында мемлекет бюджеті есебінен 1,7 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ТАЛАП ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотымен Әл-Фараби ауданы прокуратурасының шығынды өтеу туралы талабы толық қанағаттандырылды.
Бүгінгі таңда қозғалған атқарушылық іс жүргізу құжаты негізінде борышкерден барлық шығын толықтай мемлекет пайдасына өндірілді. Бұл – заң үстемдігін қамтамасыз ету мен мемлекет шығындарын қайтарудағы прокуратура органдарының тиімді жұмысының нақты нәтижесі екенін көрсетеді, – делінген Шымкент қалалық прокуратура ақпаратында.