ЕрекшеЖаңалықтар

Илон Маск әлемде бірінші болып 500 миллиард долларлық байлыққа қол жеткізді

Америкалық кәсіпкер, X әлеуметтік желісінің, SpaceX, xAI және Tesla компанияларының иесі Илон Маск планетадағы алғашқы адамның бірі болып, оның дәулеті 500 миллиард долларға жетті, деп шетелдік БАҚ хабарлайды.

Forbes басылымының мәліметінше, Илон Маск сәрсенбі күні тағы бір маңызды межеден асып түсті – жарты триллион долларлық дәулеті бар алғашқы адам атанды. Шығыс уақыты бойынша 15:30-да (Астана уақытымен бейсенбі, 00:30 – ред.) Жер бетіндегі ең бай адамның дәулеті 500 миллиард долларды құрады.

1 қазан, сәрсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша Tesla акциялары шамамен 4 пайызға қымбаттап, кәсіпкердің дәулетін 9,3 миллиард долларға арттырды. Электромобиль өндірушісінің акциялары сәуір айында Маск Мемлекеттік басқарудың тиімділігі департаменті (DOGE) кураторы қызметінен кеткенін жариялағаннан бері екі есеге жуық өсті. Бұл шешімді ол Tesla-ға көбірек уақыт бөлу үшін қабылдаған болатын.

Америкалық миллиардер алғаш рет Forbes нұсқасы бойынша 2021 жылы әлемдегі ең бай адамдар рейтингінің көшін бастады. Ол алғашқы орынды Amazon негізін қалаушы Джефф Безостан тартып алды. Ол кезде журнал Масктың дәулетін 271,3 миллиард доллар деп бағалаған еді.

Back to top button