Қатты жел мен қар аралас жаңбыр: 2 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астанада көшпелі бұлт жүреді, қар аралас жаңбыр, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20, кейде 23 м/с. Түнде +2…+4°С, күндіз +6…+8°С.
Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 3–8 м/с. Түнде +3…+5°С, күндіз +10…+12°С.
Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр, жел 5-10 м/с. Түнде +4…+6°С, күндіз +18…+20°С.
Абай облысында 2 қазан күні түнде оңтүстікте, шығыста және орталықта, күндіз батыста, солтүстікте және орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстікте, шығыста және орталықта тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады: түнде шығыс пен оңтүстікте, күндіз батыс, солтүстік және орталықта 15–20 м/с, екпіні 23 м/с. Семейде көшпелі бұлт жүреді, қар аралас жаңбыр, жел 9–14 м/с. Түнде -1…-3°С, күндіз +6…+8°С.
Алматы облысында 2 қазан күні оңтүстікте және таулы аудандарда кейде тұман болады. Жел солтүстік-батыстан шығысқа, оңтүстік-шығысқа ауысады, оңтүстікте және таулы аймақтарда екпіні 15–20 м/с. Солтүстікте өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Қонаевта көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Түнде +3…+5°С, күндіз +11…+13°С.
Атырау облысында 2 қазанда солтүстік, оңтүстік және шығыста өрт қаупі өте жоғары, солтүстік-шығыста жоғары деңгейде сақталады. Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Түнде +2…+4°С, күндіз +17…+19°С.
Ақмола облысында 2 қазанда түнде батыста, солтүстікте және шығыста, күндіз облыс бойынша жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман. Жел солтүстік-батыстан: түнде батыс, солтүстік және шығыста 15–20 м/с, күндіз 15–20 м/с, солтүстік пен шығыста екпіні 23–28 м/с. Көкшетауда кей жерлерде жаңбыр, қар. Жел 15–20 м/с. Түнде +3…+5°С, күндіз +5…+7°С.
Ақтөбе облысында күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 4-9 м/с. Түнде оңтүстік пен шығыста жаңбыр, батыс, солтүстік, шығыста тұман. Күндіз жауын-шашынсыз, таңертең кей аудандарда тұман.
Шығыс Қазақстан облысында түнде солтүстік, шығыс, оңтүстікте жауын-шашын, шығыста кейде қатты (жаңбыр, қар). Күндіз солтүстік пен шығыста жаңбыр, қар. Солтүстік пен шығыста тұман, көктайғақ. Жел солтүстік-батыстан, батыстан: түнде оңтүстікте, күндіз солтүстік пен шығыста 15–20 м/с. Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр, жел 9–14 м/с. Түнде -1…-3°С, күндіз +6…+8°С.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жаңбыр, қар. Жел солтүстік-батыстан 15–20 м/с, күндіз батыс, солтүстік және оңтүстікте 23–28 м/с. Петропавлда түнде жаңбыр, күндіз жауын-шашын, жел 15–20 м/с, екпіні 23 м/с. Түнде +3…+5°С, күндіз +5…+7°С.
Жамбыл облысында көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Батыс, оңтүстік және таулы аудандарда жаңбыр. Түнде тауларда тұман. Таразда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Түнде +1…+3°С, күндіз +11…+13°С.
Жетісу облысында түнде таулы аудандарда жаңбыр, қар, тұман. Жел батыстан, Алакөл маңында 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с. Талдықорғанда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Түнде 0…+2°С, күндіз +12…+14°С.
Қарағанды облысында 2 қазанда жел оңтүстік-батыстан, батыстан, күндіз батыс, солтүстік және шығыста 15–20 м/с. Қарағандыда көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр, жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде -1…-3°С, күндіз +6…+8°С.
Қостанай облысында түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр, қар. Түнде және таңертең батыс пен оңтүстікте тұман. Жел солтүстік-батыстан, солтүстік пен шығыста 15–20 м/с. Қостанайда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Түнде +2…+5°С, күндіз +7…+9°С.
Қызылорда облысында өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады. Қызылордада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с. Түнде +1…+3°С, күндіз +15…+17°С.
Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстік пен шығыста -3°С үсік. Батыс, солтүстік және орталықта жоғары, ал солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста өрт қаупі өте жоғары. Оралда топырақ бетінде -3°С үсік, ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, жел 3–8 м/с. Түнде 0…+2°С, топырақ бетінде -3°С, күндіз +14…+16°С.
Маңғыстау облысында батыс пен солтүстік-шығыста өрт қаупі жоғары. Ақтауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с. Түнде +9…+11°С, күндіз +18…+20°С.
Павлодар облысында түнде жаңбыр, қар. Түнде және таңертең солтүстікте тұман. Жел батыстан: батыс, оңтүстік және шығыста 15–20 м/с. Павлодарда түнде жаңбыр, қар, күндіз жаңбыр. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +2…+4°С, күндіз +6…+8°С.
Түркістан облысында түнде таулы аудандарда тұман. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан, асуларда 15–20 м/с. Солтүстік, батыс және шөлді аудандарда өрт қаупі өте жоғары. Түркістанда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 8–13 м/с. Түнде +3…+5°С, күндіз +18…+20°С.
Ұлытау облысында оңтүстікте өрт қаупі өте жоғары. Жезқазғанда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Түнде -1…-3°С, күндіз +13…+15°С.