ЕрекшеЖаңалықтар

144 млрд жымқырып сотталған экс-банкир Ертаев түрмеге қайта отырады

Бұл жаңалықты депутат Абзал Құспан хабарлады, деп жазады деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Ертаевқа қатысты сот қаулысы бүгін бұзылды. Өтінішімді қолдап, әділ шешімге ықпал еткен ҚР Бас прокуратурасы Алматы облысының прокуроры мен сотына, сондай-ақ мәселені алғаш көтерген журналистер қауымына алғыс айтамын!”- деп жазды Абзал Құспан.

Бұған дейін Жомарт Ертаев бостандыққа шығып кеткені хабарланған еді.

ӨКІЛЕТТІГІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАН

Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында Жомарт Ертаев Bank RBK-тен 2011–2017 жылдар аралығында 144 миллиард теңге жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол өз қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, алдын ала сөз байласқан тұлғалармен бірге қаражатты заңсыз иемденген. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған қаржы мен мүлікті заңдастырғаны үшін де жауапқа тартылған. Кейін апелляциялық сот бұл мерзімді 9 жылға қысқартты.

2021 жылдың наурызында сот Bank RBK, Еуразиялық банк және Qazaq Banki қаржы ұйымдарынан ақша жымқыру ісі бойынша Жомарт Ертаев пен астық бизнесімен айналысатын Нұрлан Тлеубаевқа үкім шығарды. Ертаев бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы аса ірі көлемде жымқырды деген айыппен кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 9 жыл жазасын өтеуге сотталған болатын.

Back to top button