Ерекше

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады

Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы салада зерттеу жүргізетін арнайы университет құру жоспарланып отырғанын жариялады, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ

Президент жыл соңына дейін ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Бұл не үшін қажет? Басты мақсат – жасанды интеллект технологияларын экономиканың барлық саласына енгізе алатын білікті мамандарды даярлау. Зерттеу университеті ғылым мен білімнің орталығына айналуы тиіс, – деді Тоқаев.

ЖҰМЫСТЫ ҚАЛАЙ ЖЕҢІЛДЕТУГЕ БОЛАДЫ

Сондай-ақ ол мұғалімдерге күнделікті қарбалас жұмысты жеңілдету үшін нейрожеліні қолдануға кеңес берді.

– Нейрожелінің көмегімен жеке тапсырмалар мен дайындық тесттерін дайындауға, жауаптарды тексеруге болады. Оқушылармен кері байланысты жеделдетуге мүмкіндік мол. Бірақ мынаны естен шығармайық: ешқандай технология мұғалімнің жанашырлығын, бағыт-бағдар берудегі рөлін алмастыра алмайды. Шынай білім кепілі ол әрине, ұстаз, – деді Президент.

Сол себепті мемлекет басшысы мемлекеттік стандарттарға сай келетін ұлттық білім беру платформасын әзірлеуді тапсырды.

Back to top button