«Ішім ашып тұр»: жанкүйер «Қайрат – Реал» матчының билетіне БМВ көлігін айырбастаған

«Қайрат – Реал» матчына ниет қылғандардың бәрі кіре алған жоқ. Алайда билет алу үшін барын салғандар бар. Мәселен, Алматы қаласының бір тұрғыны матчқа билет тимеген соң астындағы БМВ көлігін билетке ауыстырып жіберген, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Билет алып үлгере алмай қалдым. Сайттардың бәрі жабық екен. Билет іздейміз. Бір билет 1 млн теңге екен. Мен оған “менің машинамды ала сал, билетті маған бер” дедім. БМВ көлігін бере салдым”, – дейді ол.
Сөйткен азамат “ішім ашып тұр” дейді.
Алматыда «Қайраттың» «Реалға» қарсы тарихи матчы өтті.Ойын Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур аясында өтті. Алғашқы минуттардан бастап алаңға қос команданың басты жұлдыздары — Килиан Мбаппе, Винисиус Жуниор, Дастан Сатпаев және Шерхан Қалмырза шықты. “Қайрат” командасы мадридтік құрамадан 0:5 есебімен ойсырай ұтылды.