Ерекше

Қытай ұшақ пен пойыздарда қағаз билет қолданудан толық бас тартты

Өзгеріс ертеңнен күшіне ене бастайды, деп хабарлайды Tizgin.kz Bes.media-ға сілтеме жасап.

ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ АЛУ ҮШІН НЕ ІСТЕЙДІ

Қытай билігі 1 қазаннан бастап ел ішіндегі барлық әуе рейстері мен теміржол бағыттарында қағаз билеттерді қолдануды толық тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Жолаушылар пойызға отырғанда немесе ұшаққа кіргенде электронды билет көрсетулері тиіс. Электронды билет алу үшін тасымалдаушы компанияларға тиісті өтінім беру жеткілікті.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҒДАЙ ҚАЛАЙ

Басылымның мәліметінше, Қытайда пойызға міну кезінде қағаз билет пайдалану бұрыннан сирек құбылысқа айналған. Жергілікті тұрғындар вокзалдағы турникеттерден пластик жеке куәлікпен, ал шетелдіктер шетелдік төлқұжатпен өтіп жүрді.

Айта кетейік, Қазақстанда да пойыз бен ұшаққа онлайн билет сатып алу мүмкіндігі бар. Дегенмен қазір пойызға отыру үшін электронды билетті қағазға басып шығару немесе оны мобильді телефон экранында көрсету қажет.

Back to top button