Жапаров Қырғызстанда кезектен тыс парламент сайлауы өтетін күнді белгіледі
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Жогорку Кеңеш депутаттарын кезектен тыс сайлау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
ҮКІМЕТКЕ ТАПСЫРМА ЖҮКТЕЛДІ
Ресми мәліметке сәйкес, сайлау 2025 жылдың 30 қарашасында өтеді. Бұл туралы сейсенбі күні мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды.
Жарлыққа сәйкес, Қырғызстанның Орталық сайлау және референдум өткізу жөніндегі комиссиясына сайлауды елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес етіп ұйымдастыру, сондай-ақ қашықтан дауыс беру жүйесін қолдану тапсырылды.
Сонымен қатар, үкіметке сайлау өткізу үшін қажетті қаржыны бөлу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және сайлаушылардың нақты тізімін жасау мақсатында Халықтың бірыңғай мемлекеттік тізіліміндегі деректерді нақтылау жүктелді.