ЕрекшеЖаңалықтар
Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы «Қайрат-Реал» матчына билетті 760 мың теңгеден сатып жатыр

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов әлеуметтік желідегі парақшасында «Қайрат-Реал» матчына билетті 500-600 мың теңгеге сатып жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Олжас Еспанов билет сататынын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Билеттер 500 мың теңгеден басталады. Қымбат орындары 760 мың теңгеге барады.
“Бұл Қайрат командасының қызметкерлеріне арналған шақыру билеттері. ЖСН керек емес, тек кюар-кодпен кіре беруге болады”, – дейді ол.
Нұрлан Еспановтың Сәкен Майғазиевтің ұлы қалысқан жоқ. Ол стористегі парақшасында “дәл осы билеттер менде 350 мың теңгеден бар” деп жазған.