ЕрекшеҚоғам

Соғысты қолдаған: қазақстандықтар Тиматидің концертіне тыйым салуды әлі де талап етіп жатыр

Осыдан екі апта бұрын әлеуметтік желілерде ресейлік рэпер Тиматидің Астанада өтетін концерті жайлы хабарландыру пайда болған. Бұл жаңалық көптеген қазақстандықтардың ашуын туғызып, олар өнер көрсетуді тоқтатуды талап етіп жатыр, деп жазады Tizgin.kz.

Бұған дейін қазақстандықтар Z-әнші Полина Гагаринаның концертін өткізуге жол бермеген болатын. Енді олар Тиматидің өнер көрсетуін тоқтатуды екі аптадан бер італап етуде. Желі қолданушылары оның Украинадағы соғысқа қолдау білдірген мәлімдемелерін және 2015 жылғы әніндегі «Менің ең жақын досым – президент Путин. Менің ақ әміршім!» деген жолдарын еске салады. Сондай-ақ билет сататын компанияға кейбір пікірлерді өшірді деген айып тағылды.

Аңдатпаға сәйкес, Тиматидің Алматыдағы (Almaty Arena) концерті 27 қарашаға, ал Астанадағы (Barys Arena) концерті 28 қарашаға жоспарланған.

2022 жылдың 18 наурызында, Ресейдің Украинаға соғыс бастағанына бір айға жуық уақыт өткенде, Тимати Мәскеудегі «Лужники» спорт кешенінде Қырым аннексиясының мерейтойына арналған «ZA мир без нацизма!», «ZA Россию!», «ZA Президента!» атты митинг-концертте өнер көрсеткен болатын.

Back to top button