ЕрекшеЖаңалықтар

Синоптиктер Қазақстанда күрт суытатынын ескертті

Синоптиктер Қазақстандағы 30 қыркүйек, сейсенбі күнгі ауа райы болжамын хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

«Қазгидромет» дерегінше, елдің түрлі өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр қарға ауысып жауады, найзағай ойнап, тұман түсіп, үсік жүруі мүмкін.

Негізгі қалалар бойынша болжам:

  • Астана – көшпелі бұлт жүреді, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел солтүстік-шығыстан, 9–14 м/с. Температура түнде –1…–3°, күндіз +3…+5°.

  • Алматы – көшпелі бұлт жүреді, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, кей жерлерде екпіні 18 м/с. Түнде +12…+14°, күндіз +21…+23°.

  • Шымкент – көшпелі бұлт жүреді, түнде жаңбыр. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 8–13 м/с. Түнде +13…+15°, күндіз +23…+25°.

  • Ақтөбе – көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын жоқ. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Түнде үсік –1…–3°, күндіз +7…+9°.

  • Ақтау – көшпелі бұлт жүреді, күндіз жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Түнде +10…+12°, күндіз +17…+19°.

  • Атырау – көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Түнде +5…+7°, күндіз +12…+14°.

  • Жезқазған – көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын жоқ. Жел солтүстік-шығыс, солтүстіктен 9–14 м/с. Түнде +1…+3°, күндіз +8…+10°.

  • Қарағанды – көшпелі бұлт жүреді, кей уақытта аздаған жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы). Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде 0…+2°, топырақ бетінде үсік –3°-қа дейін, күндіз +3…+5°.

  • Көкшетау – көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Түнде –1…–3°, күндіз +3…+5°.

  • Қонаев – көшпелі бұлт жүреді, кей уақытта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с, кей жерде екпіні 15–20 м/с. Түнде +12…+14°, күндіз +21…+23°.

  • Қостанай – бұлтты, түнде жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, тұман. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, 9–14 м/с. Түнде –4…–6°, күндіз +5…+7°.

  • Қызылорда – көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Түнде +4…+6°, күндіз +17…+19°.

  • Павлодар – көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен 7–12 м/с. Түнде –2…–4°, күндіз +4…+6°.

  • Петропавл – көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде –3…–5°, күндіз +5…+7°.

  • Семей – көшпелі бұлт жүреді, түнде жаңбыр. Жел солтүстіктен 9–14 м/с. Түнде +1…+3°, күндіз +8…+10°.

  • Талдықорған – көшпелі бұлт жүреді, кей уақытта жаңбыр. Жел оңтүстік-батыстан 7–12 м/с. Түнде +10…+12°, күндіз +18…+20°.

  • Тараз – көшпелі бұлт жүреді, түнде жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +8…+10°, күндіз +20…+22°.

  • Түркістан – көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 8–13 м/с. Түнде +13…+15°, күндіз +23…+25°.

  • Орал – көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашын жоқ. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 7–12 м/с. Түнде 0…+2°, топырақ бетінде үсік –3°-қа дейін, күндіз +10…+12°.

  • Өскемен – көшпелі бұлт жүреді, түнде және таңертең жаңбыр. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 9–14 м/с. Түнде +3…+5°, күндіз +8…+10°.

Back to top button