“Реалдан” қорқатын дәнеңе жоқ – Рафаэль Уразбахтин
«Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы матч алдындағы баспасөз жиынында алматылық команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин шәкірттеріне қарсылас қиын болса да, қорқудың қажеті жоқтығын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
“ӘЙГІЛІ КЛУБТЫҢ ӘЛСІЗ ЖЕРЛЕРІ БАР”
Бапкер сөзінше, аты дүркіреп тұрған клубтың да әлсіз жерлері бар және «Қайрат» сол мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға тырысады.
Ал команда қорғаушысы Егор Сорокин оң нәтижеге қол жеткізу үшін ішкі тәртіп пен өзара түсіністікке сүйенетіндерін жеткізді.
Қазірдің өзінде Орталық стадионның алдында жүздеген жанкүйер жиналып, «Реал Мадридтің» бас бапкері Хави Алонсоны көруге үмітті. Ондағы атмосфера қыза түскендіктен болар, тәртіп сақшылары аумақта патрульдеуді күшейткен.
«Реалдың» жаттығуы сағат 18:00-де басталады деп күтілуде.