Шарлапаев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінен шығарылды
Президенттің экономикалық сұрақтар жөніндегі бұрынғы көмекшісі Қанат Шарлапаев ұлттық әл-ауқат қорының жоғарғы басқару құрамынан кетті, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
БЕКТЕНОВ – ҚҰРАМ ТӨРАҒАСЫ
«Самұрық-Қазына» АҚ мәліметінше, 25 қыркүйектегі шешіммен Шарлапаев директорлар кеңесінің мүшелігінен шығарылған. Енді қордың басқарушы органы алты адамнан тұрады, төрағасы – Премьер-министр Олжас Бектенов.
Еске салсақ, Қанат Шарлапаев дәл сол күні, яғни 25 қыркүйекте Мемлекет басшысының экономикалық сұрақтар бойынша көмекшісі қызметінен кеткен болатын. Оның «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің директорлар кеңесінде болған, ал 2025 жылдың 28 ақпанына дейін Индустрия және құрылыс министрлігін басқарған.
БАСЫ ДАУҒА ҚАЛҒАН ОҚИҒА
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың командасында бірқатар өзгеріс болып, құрам қысқарғаны туралы жазылған болатын.
Шарлапаев министр болып тағайындалғанда үлгі алуға тұрарлық қандас ретінде таныстырылған еді. Жұмысы шетелде де алға басқан этникалық қазақ ақыры түбі атажұртына келіп тұрақтады. Лондонда ұзақ жыл жұмыс істеген Шарлапаевты «алтын ұл» деп атады көпшілік. Бірақ утильалым әңгімесінен кейін біраз сынға ұшырағаны бар.