ЕрекшеТергеу

Рудныйдың прокуроры ұсталды

Рудный қаласының прокуроры қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Ведомство мәліметінше, ұстау шарасы ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізілген.

«Өз қатарымыздағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп, 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық жазаланатын әрекет жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Рудның прокуроры қызметін Марат Оспанов атқарған. Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, ол 20 млн теңге пара алғалы тұрған жерінде ұсталған.

Back to top button