
НАТО-ның Балтық елдері үстіндегі әуе кеңістігін бақылау миссиясы әуе қорғаныс операциясына айналуы мүмкін. Бұл туралы НАТО әскери комитетінің төрағасы Джузеппе Каво Драгоне DW-ге мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ресейдің дрондары мен реактивті ұшақтарының бірнеше рет әуе кеңістігін бұзғанынан кейін, Альянс шығыс флангтағы әуе кеңістігін бақылау миссиясын күшейтпек. Бұл миссия толыққанды қорғаныс операциясына ұласуы ықтимал. Мұндай қадам ағымдағы тергеу аяқталған соң мүмкін болады, деді Драгоне, әзірге оқиғаға толық баға беру ерте екенін атап өтті.
Альянстың хабарлауынша, жаңа шаралардың қатарында «барлау, бақылау және рекогносцировка платформалары, сондай-ақ кемінде бір әуе қорғаныс фрегаты» қарастырылған.
НАТО Әскери комитеті 26–27 қыркүйек күндері Ригада Бас штаб бастықтары деңгейінде отырыс өткізді. Жиынға НАТО-ның Еуропадағы Біріккен қарулы күштерінің қолбасшысы Алексус Гринкевич пен НАТО-ның трансформация жөніндегі қолбасшысы Пьер Вандье де қатысты.