ЕрекшеОқиға

КамАЗ-ға соғылған көлік: Ақмола облысында жол апатынан 16 жастағы бойжеткен көз жұмды

Ақмола облысында жол апатынан 16 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«26 қыркүйек күні Астана – Петропавл тас жолының 289-шақырымында Hyundai Santa Fe және КамАЗ-55111 көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан Hyundai Santa Fe көлігінің 16 жастағы жолаушысы жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Сондай-ақ 65 жастағы жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді», – делінген хабарламада.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларға осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жылдамдық режимін сақтап, көліктің техникалық жай-күйін бақылауда ұстаудың маңыздылығын ескертеді.

Back to top button