Биліктегі ауыс-түйіс: Нұртілеу Ақордаға қайтады, Көшербаев СІМ-ге барады

Ақорда бүгін билікте бірқатар кадрлық ауыс-түйістер болғаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды. Ол Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды. Ол қызметті бұрын Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев атқарған.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.