ЕрекшеЖаңалықтар

Қанат Шарлапаев президенттің көмекшісі қызметінен босатылды

Қанат Шарлапаев президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Мемлекет басшысының тиісті жарлығына сілтеме жасап, Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

«Шарлапаев Канат Бисимбайұлы Қазақстан президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылсын», – делінген құжатта.

Канат Шарлапаев 1981 жылы Ресейде туған. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін және Ұлыбританиядағы Крэнфилд менеджмент мектебін бітірген. Ресейде, Ұлыбританияда және Чехияда еңбек еткен. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарды. 2025 жылдың ақпанында бұл лауазымнан босатылып, президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған.

Биыл сәуірде Канат Шарлапаев «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіне қайта оралып, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Back to top button