Ақорда баспасөз қызметі Қазақстан Президентінің алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.
БҰЛ МАТТАРЕЛЛАНЫҢ АЛҒАШ КЕЛУІ ЕМЕС
26 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және технология жөніндегі Ұлттық кеңес отырысын өткізеді. Айта кетейік, бұл жиын өткен жылы сәуір айында ұйымдастырылған болатын.
27 қыркүйекте Астанаға Мьянманың президентінің міндетін атқарушы, Мемлекеттік әкімшілік кеңес төрағасы Мин Аун Хлайн ресми сапармен келеді. Ақордада жоғары деңгейдегі келіссөздер өтіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың түрлі бағыттарын талқылау жоспарланған. Бұған дейін, мамыр айында, Мемлекет басшысы Мьянма премьер-министрімен кездесу өткізген еді.
29 және 30 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Италия президенті Серджо Маттарелла ресми сапармен келеді. Екі ел басшылары арасындағы келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері қаралады. Айта кетейік, Серджо Маттарелла биыл наурыз айында да Астанада болған.