Ерекше
Зеленский қызметтен қашан кетуге дайын екенін айтты
“Менің мақсатым – соғысты аяқтау, сайлауға қатыса беру емес” деді Украина басшысы Axios басылымына берген сұхбатында, деп хабарлайды Tizgin.kz.
АТЫС ТОҚТАҒАНЫН КҮТЕДІ
“Соғыс аяқталғаннан кейін қызметіңіз аяқталды деп есептейсіз бе?” деген сұраққа ол отставкаға кетуге дайын екенін айтты. Axios-тың жазуынша, Украина президенті атысты тоқтатуға қол жеткізген жағдайда Жоғарғы радаға сайлау өткізу туралы өтініш жасауға дайын екенін жеткізді.
Ол дегенмен бірқатар аймақтың қауіпсіздігі мен Украина Конституциясына қатысты белгілі бір кедергілер барын атап өтті. Конституция соғыс жағдайында сайлау өткізуге тыйым салады. Алайда Зеленский сайлау өткізуге болады деп санайды.