Ерекше

Су бермегені үшін ренжіген шетелдік қарт адамды балталап тастады – Түркістан облысы

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында шетелдік азамат 75 жастағы зейнеткерді қатыгездікпен өлтірді. Ер адам қария су бермегені үшін балтамен жүгіріп, бар ашуын төккен, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

39 жастағы шетелдік жәбірленушінің басын, аяқ-қолын және жыныс мүшесін кесіп тастаған. Қанды оқиғадан соң құқық қорғау органдарына өзі хабар берген.

Сот-медициналық сараптама қорытындысында ер адам есі дұрыс емес деп танылып, түрмеге емес, арнайы психиатриялық емдеу мекемесіне жіберу туралы шешім қабылдады.

Алайда марқұмның туыстары бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Енді бұл іс алдағы уақытта сотта қайта қаралатын болады.

Back to top button