ЕрекшеЖаңалықтар

Қазақстанның қашып жүрген бұрынғы бас көлік прокуроры Германияда ұсталды

Қазақстанның бұрынғы бас көлік прокуроры Максат Дүйсенов халықаралық іздеуде жүрген жерінен Германияда ұсталды, деп хабарлайды Informburo.

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі растады.

«ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Германияның Фюрт қаласында халықаралық іздеуде жүрген Д. есімді азамат ұсталды», – деді министрлік өкілдері.

Максат Дүйсеновті неміс құқық қорғау органдары Интерпол желісі бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында қамауға алды.

Бұған дейін бұрынғы бас көлік прокуроры 29 тамызда іздеуге жарияланғаны хабарланған еді.

Максат Дүйсенов 2018 жылдың тамызынан 2019 жылдың сәуіріне дейін Қазақстанның бас көлік прокуроры қызметін атқарған. Оған дейін ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының көмекшісі, ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшылығы секторының меңгерушісі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ орталықтандырылған қауіпсіздік қызметінің басшысы және басқа да лауазымдарда жұмыс істеген.

2012 жылдың ақпанында оны Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің бастығы қызметінен қарамағындағы қызметкерінен пара алғаны үшін босатқан болатын.

Back to top button