Ерекше

«Қайрат» пен «Реал» матчына билеттер сатылуға бір сағат қалғанда 5000 адам кезекке тұрып үлгерді

Арада минуттар өткен сайын мыңдаған адам келіп, кезекке тұруда, деп хабарлайды Tizgin.kz Bes.media-ға сілтеме жасап.

НЕ БОЛЫП ЖАТЫР

«Қайрат» пен «Реал» арасындағы матчқа билеттер сатылардан бір сағат бұрын кезекте тұрғандар саны 5 мың адамға жеткен. Ал бұл минуттар өткен сайын үсті-үстіне көбейіп жатыр.

Ресми билет сатылымы 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталады. Билеттерді клубтың ресми сайтында, Ticketon платформасында және Qairat SuperApp қосымшасы арқылы алуға болады.

КЛУБ ТАРАПЫНАН КЕҢЕС

«Қайрат» футбол клубы жанкүйерлерге стадион сызбасын дұрыс көрсету үшін Qairat SuperApp қосымшасын жаңартуға кеңес береді. Үшінші тараптан сатып алынған билеттер жарамсыз деп танылып, күші жойылады.

15 қыркүйекте клуб УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі бойынша өз алаңындағы ойындарға билеттерді сату тәртібін жариялаған болатын.

Back to top button