$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

Сәтбаевте терроризмдi насихаттаған азамат сотталды

Сәтбаев қаласында терроризмдi насихаттау ісі бойынша үкім шығарылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Сәтбаев қалалық сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК-нің 256-бабы 1-бөлігі). Сотта сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқаны анықталған.

“Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысып, кәсіби біліктілігін танытып, мемлекеттік айыптауды толық қолдады. Сот барлық мән-жайды ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – делінген Бас прокуратура таратқан ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген.

АЯН ӨРІБАЙ

Аян Өрібай – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының бас редакторы, Tizgin ЖШС директоры. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын ШҚО Ақпараттық орталығында маман болып бастап, Өскемендегі облыстық «Менің Өлкем» жекеменшік газетінде тілші қызметін атқарған. Кейін Астанадағы «ҚазАқпарат» ХАА-да тілші, Ulysmedia.kz порталында арнайы тілші болып еңбек еткен. «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері.
Back to top button