ЕрекшеЖаңалықтар
Дәурен Сәлімбаев ҚНРДА төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Сәлімбаев Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бұған дейін ол осы агенттікте Қаржы ұйымдарының әдіснама және пруденциялық реттеу департаментінің директоры қызметін атқарған.