Оқиға

Астанада түнде 8 қабат үй өртенді

Астанада дәмханадан шыққан өрт бүкіл 8 қабатты үйге жайылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Алғашқы бөлімше келген сәтте өрт үйдің қаптама бөлігіне ауысты. Өртті сөндіру үшін су беріліп, бірнеше су оқпаны жіберілді. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды оқшаулады. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Кейін министрлік өрттің толық сөндірілгенін хабарлады.

«Өртті сөндіруді қиындатқан жайт – өрт сөндірушілер жеткен кезде жалынның кеңінен таралып үлгеруі, сондай-ақ ғимарат құрылымының ерекшеліктері, өрт жүктемесінің жоғары болуы және қатты түтіндеу. Оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Өрттің себебі анықталуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», – деп мәлімдеді ТЖМ.

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ

Астана әкімдігінің мәліметінше, 18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Әкімдік, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды. ТЖД мен Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада жойылған.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт салдарынан 8 пәтер зардап шекті. Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Сондай-ақ барлық бағытта көмек көрсетіледі.

Алдағы тәулік ішінде бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты және әкімдіктің қолдауы есебінен басталады.

Back to top button