Без рубрикиЕрекше

“Жұдырығым қышыды”: Головкин шаршы алаңға оралуы мүмкін

Ұлттық құраманың Ливерпульдегі жеңісінен кейін әлемге танымал отандасымыз Геннадий Головкин рингке қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

МӘЛІМДЕМЕСІ КӨПТІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗДІ

Головкин World Boxing ұйымының қолдауымен өткен айтулы жарыстың басы-қасында болды. Ұлттық құраманың жеңісіне куә болған Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, әрі әйгілі боксшы BoxingScene порталына берген сұхбатында “жұдырығым қышыды” деп көпті елең еткізген мәлімдеме жасады.

Иә, неге оралмасқа? Шаршы алаңдағы бәсекені көріп, делебеміз қозды, – деді Головкин көпшілік қойған сауалға жауап беріп. Дегенмен, қарсыласы мен нақты мерзімі туралы сұраққа: – Ол жағы құпия, – деп қысқа қайырды.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 2022 жылдың қыркүйегінен бері рингке шыққан жоқ. Сол кезде спортшы мексикалық Сауль «Канело» Альварестен ұтылып, бар титулынан айырылған болатын.

Қазірг Головкин World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясын басқарады. Оның жетекшілігімен ұйым 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына боксты қайта енгізуге қол жеткізді.

 

Back to top button