
Ливерпульде медаль алған боксшыларға берілетін сыйақы мөлшері жарияланды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ливерпуль қаласында өткен әлем чемпионатында он жүлдеге іліккен боксшылар мемлекет тарапынан қомақты сыйақы иеленеді.
Атап айтқанда, алтын медаль алған чемпиондарға 15 000 доллар, күміс жүлдегерлерге 7 000 доллар, қола жүлдегерлерге 5 000 доллардан беріледі.
Осылайша, жалпы төлем көлемі 122 000 долларды (65,9 миллион теңге) құрайды. Сонымен қатар, боксшылардың бапкерлері де қаржылай марапатталады: шәкірті «алтын» алса — 10 000 доллар, «күміс» үшін — 5 000 доллар, «қола» үшін — 3 000 доллар беріледі.
Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс және 2 қолаға қол жеткізді.