ЕрекшеОқиға

Telegram негізін қалаған Павел Дуров Қазақстанға келеді

Ол Digital Bridge 2025 форумы аясындағы пленарлық отырысқа қатысады, деп хабарлайды Tizgin.kz. Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

ФОРУМҒА КІМДЕР КЕЛЕДІ

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев Instagram парақшасында хабарлады.

Дуров қатысатын ауқымды шара 2 қазан күні Астанада, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтеді. Пленарлық сессия барысында әлемдік деңгейдегі бірқатар технология мамандары сөз алмақ. Атап айтсақ:

Омар Сұлтан Әл-Олама – Біріккен Араб Әмірліктерінің жасанды интеллект, цифрлық экономика және қашықтан жұмыс істеу мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрі;

Илья Стребулаев – Стэнфорд университетінің профессоры;

Кай-Фу Ли – Sinovation Ventures компаниясының негізін қалаушы және бас директоры;

Питер Норвиг – Google компаниясының зерттеу директоры, Стэнфордтың ғылыми қызметкері.

Пленарлық отырыстың модераторы — Solana Foundation президенті Лили Лю болады.

Сондай-ақ 2 қазан күні Generative Nation Pitch атты жасанды интеллектке бағытталған үздік отандық стартаптар арасында республикалық питч-сессия өтеді. Финалға өткен жобалар халықаралық сарапшылар, инвесторлар және мемлекеттік органдар өкілдерінің алдында өз жұмыстарын таныстырады.

Back to top button