ЕрекшеЖаңалықтар

Мұнай-газ саласындағы миллиондаған қаржы жымқыру: Маңғыстаудағы кінәлілер жазаланды

Өткен жылы Маңғыстау облысының прокуратурасымен мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізілді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Тексеру нәтижелері бойынша «West Oil Software» ЖШС қызметінде материалдық қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Соның ясында кәсіпорында негізгі басшылық қызметтерді атқарған 3 адам ұсталды.

Сотпен барлық тұлғалар кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлері тағайындалды. Атап айтқанда, кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Облыстық прокуратура ақпаратынша, соттың қылмыстық істі мәні бойынша қаралу барысында сотталғандар 261 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.

Back to top button