ГеосаясатЕрекше

Еуроодақ екі елді қысып жатыр. Қазақстан санкцияға іліне ме?

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы енгізілмек болған 19-шы санкциялар пакетін талқылауды белгісіз мерзімге шегерді. Бұл құжатта экономикалық шектеулер Қазақстанды да жанап өтуі мүмкін екені көрсетілген, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

НЕЛІКТЕН КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

Екі дереккөзге иек артып ақпар ұсынған Politico басылымы, ЕО-ның Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакетін 17 қыркүйек, сәрсенбі күні жариялау жоспарланған болатын. Алайда Брюссель мен Вашингтон қазір Венгрия мен Словакия билігіне қысым жасап, оларды ресейлік мұнайдан бас тартуға көндіруге тырысып жатқандықтан, бұл жоспар кейінге шегерілген. Санкциялар талқылауы нақты қашан өтетіні әзірге белгісіз.

Еуропа астаналарына бұл ақпарат дүйсенбінің екінші жартысында жіберілді, алайда жаңа санкциялық пакет қашан жарияланатыны туралы нақты мәлімет болмады. Еурокомиссияның баспасөз қызметі түсініктеме беруден бас тартты, – делінген Politico ақпаратында.

Шетелдік басылымдар, Трамп бұны Еуропа елдерін америкалық мұнай мен газды көбірек сатып алуы үшін уақытты әдеуі созуы мүмкін дегенді жазады.

BLOOMBERG БОЛЖАМЫ

ЕО-ның Ресейге қарсы 19-шы санкциялар пакетіне Қазақстанға қатысты қосалқы экономикалық шектеулер де енуі мүмкін еді. Осындай ықтимал шаралар Брюссельде талқыланғаны туралы өткен аптада Bloomberg жазған болатын.

Бұл жердегі әңгіме «санкцияларды айналып өтуге қарсы құралдар» деп аталатын тетікке байланысты. Бұл бұрын енгізілген шектеулерді айналып өтуді қиындатуға бағытталған қосымша шаралар. Атап айтқанда, Қазақстанға кейбір арнайы техника мен құрал-жабдықтарды импорттауға тыйым салу мүмкіндігі қарастырылған. Себебі бұл тауарлар Ресейге қайта экспортталып, әскери өндірісте қолданылуы мүмкін деген қауіп бар.

Сонымен қатар, Bloomberg мәліметінше, бұл ұсыныстар құжаттың соңғы нұсқасына енуі міндетті емес. Яғни, олар талқылау барысында алып тасталуы да ықтимал.

Back to top button