-2°C дейін күн суиды: Қазгидромет қай өңірлердің халқына жылы киінуге кеңес берді

«Қазгидромет» 16 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Қазақстанның көп өңірінде найзағайлы жаңбыр, нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Батыс аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын болмайды, бірақ өрт қаупі сақталады. Солтүстік пен шығыста тұман мен үсік болжануда, температура –2°C-қа дейін төмендейді. «Қазгидрометтің» мәліметінше, республика бойынша желдің күшеюі, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы мен Шымкент қалаларында өрт қаупінің ең жоғары класы жарияланды.
Астанада күндіз +17…+19 °C, түстен кейін жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде +7…+9 °C, кей жерлерде жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с.
Алматыда күндіз +21…+23 °C, түнде +11…+13 °C, кей уақытта жаңбыр жауады. Желдің екпіні – 3–8 м/с, кейде 15 м/с-қа дейін күшейеді.
Шымкентте күндіз +23…+25 °C, түнде +10…+12 °C, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 8–13 м/с, екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.