ЕрекшеТергеу

Блогер Эльмира Төлегенованы сот қылмыстық жауапкершілікке тартатын болды

Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік істер тоқтатылды. Себебі, судья Малика Ноғайбекова бұдан қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін байқаған, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Іс материалдары Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.

Еске сала кетейік, блогерлерге заңсыз лотерея ұйымдастырды деген айып тағылған болатын.

Ерлі-зайыптылардың адвокаты Олег Чернов Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты лотерея және ойын бизнесін бақылау комитеті ұсынған дәлелдер негізсіз, ал кейбірі тіпті айыптауға қайшы екенін баса айтты.

Менің қорғауымдағы адамның әрекеттерінде ӘҚБтК-нің 445-1-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқ. Аталған бапта лотерея операторы болып саналмайтын тұлғаға лотерея ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Алайда, “Лотереялар және лотерея қызметі туралы” заңның 1-бабы 4-тармағына сәйкес, лотерея тауарлар мен қызметтердің сатылымын ынталандыру мақсатында өткізілетін ұтыс ойындары болып саналмайды, – деді қорғаушы Төлегенова ісі бойынша.

Адвокаттың сөзінше, Эльмира Төлегенова жарнамалаған ұтыс ойыны Zhana Business ЖШС ұйымдастырған оқыту курстарының сатылымын арттыру үшін өткізілген.

Нақтысында, бұл курсты сатып алған адамдар үшін берілген қосымша бонустар, – деді Олег Чернов.

Back to top button