Ерекше

Блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік іс қылмыстық болып өзгеруі мүмкін

Осыған қатысты өтінішпен сотқа Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі жүгінді, деп хабарлайды Tizgin.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

“СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП ЖОҚ”

Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік істі қылмыстық іс ретінде қаралуы ықтимал. Бұл туралы сот отырысында Спорт және туризм министрлігіне қарасты Құмар ойындары және лотерея қызметін реттеу комитетінің өкілі Абдель Балтатегі айтты.

Оның сөзінше, іс материалдарын зерделеу барысында әкімшілік құқықбұзушылық шеңберінен тыс сұрақтар туындаған.

Мысалы, «Zhana Business» ЖШС ұсынған курстардың нақты құны қандай? Бұл компанияның қандай да бір қауымдастығы бар ма? Бұл сұрақтарға жауап жоқ. Курстардың шынайы құны қандай? Ұтыстың жеңімпазын анықтау неге тікелей эфирде жүргізілуі тиіс лототронның орнына автоматтандырылған бағдарламаға тапсырылған? Бұл бағдарламалық қамтамасыз етудегі алгоритм қалай жазылған? Осындай сұрақтар Төлегенованың іс-әрекеттерінде алаяқтық немесе заңсыз кәсіпкерлік сияқты қылмыстық сипаттағы құқық бұзушылық белгілерінің бар екенін меңзейді, – деді Абдель Балтатегі сот отырысында.

Осыған байланысты ол соттан Әкімшілік кодекстің 445-1-бабы бойынша қозғалған істі тоқтатып, материалдарды қылмыстық тергеу органдарына беруді сұрады.

Бұған дейінгі сот отырысында Балтатеги Төлегенованың «курстар сатылымын ынталандыру мақсатында ұтыс ойынын өткіздім» деген уәжін – лотереяны жасыруға бағытталған тәсіл деп бағалаған.

ТӨЛЕГЕНОВА АЙЫППЕН КЕЛІСПЕЙДІ

Өз кезегінде, Эльмира Төлегенова тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді. Оның айтуынша, ұтыс пен «сәттілік барабаны» өзіне тиесілі Instagram парақшаларында емес, өзі негізін қалаған «Zhana Business» ЖШС-нің ресми сайтында ұйымдастырылған. Блогердің адвокаты Олег Чернов істі тоқтатып, комитет жасаған әкімшілік хаттаманы дәлел ретінде мойындамау туралы өтініш білдірді.

Судья Акерке Бектұрғанова шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетіп, үкім 15 қыркүйек күні сағат 16:00-де жарияланатынын хабарлады.

Back to top button