ЕрекшеҚоғам

Жапония қарт адамдар саны бойынша рекорд орнатты

Жапония халқының 65 жастан асқандары ел тарихында алғаш рет 29,4 пайызға жетіп, бұл көрсеткіш 40 миллионнан астам халқы бар елдер арасындағы ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді, деп хабарлайды Tizgin.kz Japan Today-ге сілтеме жасап.

ӘР ЖЕТІНШІ АДАМ – ЕГДЕ ЖАСТА

Елдегі зейнет жасындағы адамдар саны 36 миллионнан асты. Олардың ішінде: 15,68 миллионы – ер адамдар, ал 20,51 миллионы – әйелдер. Сонымен қатар, 75 жастан асқан тұрғындардың үлесі 17,2 пайызды көрсетті.

Қазір Жапонияда еңбек етіп жүрген қарт адамдардың саны 9,3 миллионға жеткен. Бұл жұмыс істеп жүрген әр жетінші адамның егде жаста екенін білдіреді. Үкімет деректеріне сүйенсек, зейнет жасындағы жұмысшылардың басым бөлігі жартылай немесе келісімшарт негізінде, кейбірі сауда саласында еңбектенуде.

Болжамға сәйкес, 2040-шы жылға қарай ел халқының 34,8 пайызы 65 жастан асатын болады. Жалпы, зейнеткерлер үлесі жөнінен Жапониядан кейінгі орындарды Италия (25,1%) мен Германия (23,7%) иеленіп отыр.

Back to top button