
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ливерпульде өткен әлем чемпионатынан кейін әлеуметтік желі арқылы үн қатты, деп жазады Tizgin.kz.
“Әлемдік бокс чемпионаты өз мәресіне жетті. Рақмет саған, Ливерпуль – тарих жазылды! Барлық спортшыларға осы күндерді ерекше шабытты еткені үшін алғыс айтамыз. Бар күшін салған әрбір боксшыны мақтан тұтамыз. Ал бұл – тек бастамасы ғана”, – деді ол.
Ливерпульде бокстан өткен ӘЧ: Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды
Қазақстан құрамасы Ливерпульде өткен жарыста барлығы 10 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 2 қола және 1 күміс. Бұл нәтиже Қазақстанның әлемдік бокстағы ең мықты құрамалардың бірі екенін тағы бір дәлелдеді. Медаль алғандар:
- Санжар Тәшкенбай (50 кг – алтын)
- Махмұд Сабырхан (55 кг – алтын)
- Төрехан Сабырхан (70 к г- алтын)
- Айбек Оралбай (+90 кг – алтын)
- Алуа Балқыбекова (50 кг – алтын)
- Аида Әбікеева (65 кг – алтын)
- Наталья Богданова (70 кг- алтын)
- Назым Қызайбай (48 кг – күміс)
- Виктория Графеева (60 кг – қола)
- Елдана Тәліпова (+80 кг – қола)
Жеңіске жеткен спортшыларды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.
«Қазақ боксшыларының осы әлем біріншілігіндегі өнерін жалпы табысты деп бағалауға болады. Бірақ АҚШ-та өтетін Олимпия ойындарына тыңғылықты дайындықты жалғастыру қажет. Спортшыларымызға алдағы уақытта да табыс тілеймін!» – деді Президент.