Черногория соты Дина Таңсәріні экстрадициялаудан түпкілікті бас тартты

Бұл туралы құқық қорғаушы әрі «НеМолчи» қорының негізін қалаушы өз Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
Дина Смаилова (Таңсәрі) мен оның күйеуі Алмат Мұхамеджанов экстрадициядан халықаралық қорғауға ие болды. Черногория мұндай шешімді екі жылға жуық созылған сот талқылауларынан кейін қабылдады. Жақында Таңсәрі аталған елдің Жоғарғы соты Қазақстанның белсендіге қатысты экстрадициялау туралы сұрауын түпкілікті қанағаттандырудан бас тартқанын мәлімдеді.
«Бүгін, 2025 жылдың 12 қыркүйегінде, Черногория Жоғарғы сотының апелляциялық сатысында қаралғаннан кейін шешім заңды күшіне енді», — деп жазды құқық қорғаушы.
Ол өзінің Facebook парақшасында Қазақстан — азаматтарды азаптап, қатыгездікке ұшырататын, пікір білдіргені үшін қудалайтын ел екенін де қосты.