ЕрекшеСпорт

«Барыс» бірде-бір ойын өткізбеген легионермен қош айтысты

Астаналық «Барыс» хоккей клубы канадалық қақпашы Оливье Родригпен келісімшартты үзгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz Liter.kz-ке сілтеме жасап.

РЕНЖІСПЕЙ ҚОШТАСТЫ

Шетелдік легионер команда сапында бірде-бір матч өткізбей, жарақатына байланысты кетіп жатыр. Клуб өкілдері ойыншымен ренжіспей қоштасып, алғыс білдіріп, ұлттық кәдесыйлар табыс еткен.

Қазіргі уақытта Құрлықтық хоккей лигасындағы «Барыс» клубының негізгі құрамында қазақстандық қақпашылар Андрей Шутов, Никита Бояркин және Артём Шестаков тіркелген. Қақпашы шебін нығайту мақсатында жаңа трансферлер жасала ма, жоқ па – әзірге белгісіз.

Back to top button